"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) өзінің 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің нәтижелері туралы хабарлады

12.09.12 17:17
/KASE, 12.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 12 қыркүйегінде жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: 2012 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ республиканың агроөнеркәсіп кешенінің қожалық етруші субъектілерін несиелендіруге жұмсаған инвестицияларының жалпы көлем 41 млрд теңгеден асып, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 1,5 есе (27,1 млрд теңге) болды. Көрсеткіштің негізгі өсімі мал шаруашылығын өнімін өндіруді несиелендіру көлемінің 3,2 есе артуына (0,8 млрд теңгеден 2,7 млрд теңгеге дейін) және көктемгі науқан және астық жинау жұмыстарына несиелендіру 1,5 есеге артуына (175,4 млн теңгеден 103,2 млн теңгеге дейі) байланысты болды, бұл ретте несие алушылардың саны 2,6 есеге (156-дан 411-ге дейін) өсуі несие алудың қол жеткізерлігі артуын куәландырады. Осы баспасөз-хабарламасының тиолық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_reliz_120912.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-09-12]