ҚҰБ ҚҚК "AMF Group" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07D994 (KZ2С00001592, AKFIb3) облигацияларын 2012 жылдың 26 қаңтарынан 26 шілдесіне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

10.09.12 17:40
/KASE, 10.09.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 28 тамызындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2012 жылдың 26 қаңтарынан 2012 жылдың 26 шілдесіне дейінгі кезеңде "Еуразиялық банк" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы үшінші шығарылым облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2012 жылдың 26 шілдесіндегі жағдай бойынша аталған облигациялардың 2 270 000 данасы орналастырылмаған. Аталған облигациялар KZP01Y07D994 (KZ2С00001592, AKFIb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге, 26.07.11 – 26.07.18; жылдық 7,00 % жарты жылдық купон; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. [2012-09-10]