"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің жарғылық капиталын 15,0 млрд теңгеге ұлғайтқаны туралы хабарлады

10.09.12 14:44
/KASE, 10.09.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде турған, "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "АТФБанк" АҚ Банктің жай акцияларын артықшылықты сатып алу құқығымен акционерлер арасында орналастыру процедурасын аяқтады. Акционерлердің өтінімдерін қанағаттандырғаннан кейін Банктің жарғылық капиталы 15 000 048 000 (Он бес миллиард қырық сегіз мың) теңге 00 тиынға артты. [2012-09-10]