"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 24 тамызындағы шешімдері туралы хабарлады

31.08.12 11:47
/KASE, 31.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), Биржаға ресми хат жолдап, 2012 жылдың 24 тамызында өзінің Директорлар кеңесі жасалуына мүдделік танытылған мәмілелер бойынша келесі шешімдерді қабылдағаны туралы хабарлады: цитата басы а) Юникредит тобының мүшелерімен 2012 ж. 1 маусымнан 2012 ж. 30 маусымға дейінгі кезең үшін қазынашылық мәмілені ратификациялау; б) Транзакциялық және корпоративтік өнімдер департаментінің Юникредит тобының мүшелерімен 2012 ж. 1 маусымнан 2012 ж. 30 маусымға дейінгі кезең үшін жасаған мәмілелерді ратификациялау; в) "АТФИнкассация" ЖШС-мен Қосымша келісім жасауды растау; г) "АТФБанк" АҚ-та ЛОРО UniCredit Securities International Ltd., Nicosia, Cyprus түріндегі корреспонденттік шоттарды жабуды мақұлдау. цитата соңы