ҚҰБ ҚҚК "ОРДА Кредит" несиелік серіктестігі ЖШС KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193, ORDKb2) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерді және толықтыруларды тіркеді

27.08.12 12:29
/KASE, 27.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ОРДА Кредит" несиелік серіктестігі ЖШС (Шымкент), өзінің KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193; KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ORDKb2; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 26.01.08 – 26.01.13, тоқсандық купон жылдық 12,00 %; 30/360) облигациялары шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулер мен толықтырулар көшірмесін және бұрын берілгеннің орнына, 2012 жылдың 23 тамызындағы бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитеті (ҚҰБ ҚҚК) аталған облигациялар шырғарылым аңдатпасына өзгертулерді және толықтыруларды тіркеді; - айтылмыш куәлік аталған облигациялардың айналыста болу мерзімінің өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - аталған облигациялардың айналыста болу мерзімі бес жылдан 10 жылға дейін өзгертілді; - аталған облигациялар шығарылымының ұлттық сәйкестендіру нөмірі KZ2P0Y05C900 нөмірінен KZ2P0Y10C900 деп өзгертілді; - аталған облигациялар шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тіліміне С90 нөмірімен енгізілді. Аталмыш облигациялар шығарылымы аңдатпасына енгізілген өзгертулерлер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ORDK/ordkf9b2_izm_230812_.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.