"Қазақстанның даму банкі" АҚ Екібастұз қ. жүк таситын жартылай вагондардың өндірісін ұйымдастыру бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыруға қатысуы туралы хабарлады

23.08.12 15:47
/KASE, 23.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 23 тамызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Екібастұз вагон жөндеу зауытында 500-ден астам жүк таситын жартылай вагондар шығарылды Екібастұз қаласында жүк таситын жартылай вагондар шығару өндірісін ұйымдастыру бойынша инвестициялық жобасының бастапқы кезенің (Жоба) "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (ҚДБ) 2009 жылы қаржыландырды. "Қазақстан вагон өндіру компаниясы" ЖШС Жобасының жалпы құны 56 миллион доллар құрады. Зауыт 2011 жылы іске қосылды. Жалпы Жоба бойынша 3 вагон жинау кешеңдері салынды. Құрал-жабдықпен қамтамасыз ету және зауыттын алғашқы екі кешенің салу жұмыстары ҚДБ қаржылық көмегімен іске асырылды. Бүгінде өндіріс "АТФ Банк" АҚ есебінен қаржыландырылып отыр. Іске қосылған кезеңінен бері кәсіпорынның өнімділігі бірнеше ретке ұлғайды. Ағымдағы жылдың жоспары – 1800 вагон шығару. 2013 жылы зауыт толық жобалық құатына шығып, жылына екі жарым мың жартылай вагон өндіреді деп жоспарланған. Зауыт өндіріс көлемінің жобаланған межесіне шыққанда Қазақстанда Ресей мен Украина өндірушілеріне тәуелділік кемиді. Бүгінде зауытта 170 жаңа жұмыс орны ашылған. Зауыттың өндіріс көлемі түгелдей отандық тасымалдаушы "Қазтеміртранс" АҚ қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталмақ. цитата соңы