27 тамыздан бастап "АБДИ Компани" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y19C805 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылады

22.08.12 12:02
/KASE, 22.08.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 27 тамызындағы шешімімен "АБДИ Компани" АҚ (Алматы) KZ2C0Y19C805 (KZ2C00000743, ABDIb1; 10 000 теңге, 9,0 млрд теңге, 08.01.08 – 08.01.27; инфлляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылады. Биржаның 2012 жылдың 15 тамызындағы тұжырымдамасында айтылғандай, 2012 жылдың 26 тамызында аталмыш облигациялардың KASE ресми тізімінің "буферлі санат" санатында болу мерзімі аяқталады. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2008 жылдың 08 мамырындағы "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңына енгізуге ұсынылатын бағалы қағаздар эмитенттеріне және осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар" # 04.2-09/119 бұйрығына Қосымшасының 13-9 тармағына сәйкес, борыштық бағалы қағаздардың биржаның ресми тізімінің "буферлі санат" санатында болуының ең ұзақ мерзімі борыштық бағалы қағаздарды "буферлі санат" санатына аудару туралы шешім қабылданған күннен бастап 12 айды құрайды. Осы уақытқа дейін "АБДИ Компани" АҚ оның бағалы қағаздарын "буферлі санат" санатына аударуға әкелген негіздерді жойған жоқ. Жоғарыда айтылғанның негізінде және аталмыш Қосымшаның 13-16 тармағының 7) тармақшасына сәйкес, аталған облигациялар делистингке ұшырайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "А" санаты бойынша 2008 жылдың 08 қаңтарында енді, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына аударылды, ал 2011 жылдың 27 тамызынан бастап - KASE ресми тізімінің "буферлі санат" санатына.аударылды. Олардың сауда- саттығы 2008 жылдың 17 сәуірінде ашылды. Аталмыш облигациялардың Биржада айналыста болуы мерзімінде олардың сатып алушының өтеуіне табыстылығы (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдың 5,84 бастап 70,00 % ауытқыды.