"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің US00211MAA45 (XS0286908867, ATFBe6) облигациялары бойынша 11-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

21.08.12 17:20
/KASE, 21.08.12/ – "АТФБанк" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 20 тамызында өзінің US00211MAA45 (XS0286908867, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBe6) облигациялары бойынша 11-ші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 13 726 167,50 АҚШ долларын құрады.