"Эксперт РА Қазақстан" Рейтингілік агенттігі" ЖШС "Астана" Жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамына сенімділік рейтингін А+ деңгейінде белгіледі

17.08.12 16:25
/"Эксперт РА Қазақстан" Рейтингілік агенттігі" ЖШС, KASE тақырыптамасы мен аудармасы, 17.08.12/ – "Эксперт РА Қазақстан" Рейтингілік агенттігі" ЖШС "Астана" Жинақтаушы зейнетақы қоры"АҚ сенімділік рейтингін "Сенімділіктің өте жоғары деңгейі" А+ деңгейінде белгіледі. Рейтингілік бағалау қорытындысы бойынша поизитивтік факторлардың бірі ретінде агенттік Қор кірістілігінің айтарлықтай көтеріңкі болғанын (01.07.2012 жылға K2 (12) = 3,5%), нарықтан озық зейнетақы жинақтарының өсу қарқыны (қордың ашылғанынан бастап 11 айдың ішінде (01.07.2012 жылға 38,5% құрады), инвестициялық портфельдің жеткілікті өтімділігін және диверсификацияланғанын атап өтті. Осыдан басқа рейтингке оң әсерін тигізген корпоративтік басқарудың жоғарғы деңгейі және стратегиялық жоспарлаудың сапасы, сондай-ақ акционерлердің қорға қаржылық қолдау көрсетуге әзірлігі болды "Астана" ЖЗҚ 2011 жылы "Еуразиялық жминақтаушы зейнетақы қоры" мен. "Аманат" ЖЗҚ бірігуінің нәтижесінде ұйымдастырылған. Географиясы еліміздің түпкір-түпкірін қамтиды. ҚҚК 01.07.12 ж. мәліметтері бойынша Қордың жинақтары 172,4 млрд теңгеге жетті, зейнетақылық жарналар бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша – 12,7 млрд теңгені, меншікті капиталдың көлемі – 6,5 млрд теңгені құрады. "Эксперт РА Қазақстан" Баспасөз қызметі Омарова Әсел тел. +7 (727) 344-12-12 вн. 4820 моб. +7 707 117 00 96 E-mail: omarova@raexpert.kz [2012-08-17]