"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 7-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

16.08.12 17:40
/KASE, 16.08.2012/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге, 02.08.05 – 02.08.28; инфляция деңгейіме,н индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,75 %; 30/360) облигациялары бойынша жетінші купондық сыйақысын жартылай төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хатта "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ былай деп мәлімдеді: "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ 2012 жылдың 14 тамызында (бұдан әрі – АО "ДТЖ") өзінің ҰСН KZ2CKY23B672 облигациялары бойынша 7-ші купондық кезеңге, "АТФБанк" АҚ төлеу агенті арқылы 1 085 675 482,50 теңге (7-ші купондық кезеңге есептелген сыйақы сомасынан 42%) көлемінде жартылай өтеуді жүзеге асырғаны туралы хабарлайдыды. Бұдан бұрын осы тақырыпта 2012 жылдың 12 шілдесінде "АТФБанк" АҚ "Досжан темір жолы (ДТЖ)" акционерлік қоғамының (Қазақстан) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларының 7-ші купонын төлеуге ақшасы жеткіліксіздігі туралы хабарлады" деген KASE жаңалығы http://www.kase.kz/news/show/1170111 – мекен-жайы бойынша жарияланған. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.