ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) KZP03Y03D254 (KZ2C00001568, EUBNb10) облигацияларын 2012 жылдың 13 қаңтарынан 12 шілдесіне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды
16.08.12 12:43
/KASE, 16.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 03 шілдесіндегі
хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2012 жылдың
13 қаңтарынан 2012 жылдың 12 шілдесіне дейінгі кезеңде "Еуразиялық
банк" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы үшінші
шығарылым облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы
мәліметтерді есепке алды".
ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2012 жылдың 12 шілдесіндегі жағдай
бойынша аталған облигациялардың 22 362 000 данасы
орналастырылмаған.
Аталған облигациялар (KZP03Y03D254, KZ2C00001568, EUBNb10,
100 теңге, 20,0 млрд теңге, 13.07.11 – 13.07.14; жылдық 8,00 % жарты
жылдық купон; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар
бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген.
[2012-08-16]