"Имсталькон" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP01Y07D549 (KZ2C00000412, IMSKb1) облигациялары бойынша 6-шы купонын төлеуі туралы хабарлады

13.08.12 12:13
/KASE, 13.08.12/ – "Имсталькон" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 06 тамызында өзінің KZP01Y07D549 (KZ2C00000412, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, IMSKb1) облигациялары бойынша алтыншы купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 111 138 776 теңгені құрады.