Fitch агенттігі "АТФБанк" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигацияларына "BBB"/"AA+(kaz)" деңгейінде рейтингілік бағалаулар берді

10.08.12 17:09
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 09.08.12, ағылшын тілінен Fitch Ratings аудармасы, орыс тілінен KASE аудармасы / – Fitch Ratings АТФБанктің, көлемі 15 млрд. теңге, бес жылдық басымдық қамтамасыз етілмеген облигацияларына ұлттық валютамен ұзақ мерзімді рейтингті "BBB" деңгейінде және ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін "AA+(kaz)" деңгейінде растады. Бес жылдық облигациялардың колл-опционы үш жылдан соң. Шығарылым бойынша тиянақталған мөлшерлемесі жылдық 7% жарты жылдық купон қарастырылған. Облигацияның шарттарында бақылаудың өзгеруі туралы қағида бар, соның негізінде, UniCredit Bank Austria AG ("UCA") банктің мажориттік пакетін бақылауды тоқтатқан жағдайда ұстаушылар өздерінің облигацияларын мерзімнен бұрын өтелуін талап етуге құқық алады. Осы кезде UCA 99,74% тиесілі. 2012 жылдың 1 шілдесіне АТФБанк Қазақстанның ең ірі банктерінің бесіншісі болып мойындалды, банктік жүйе активтерінің 6,9% оның үлесінде. Банк, ең бастысы, еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан, корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізедіами. АТФБанктің түпкі меншіктенушісі UniCredit S.p.A болып табылады. Байланыстар: Бірінші талдаушы Аслан Тавитов Кіші директор +7 495 956 9901 Фитч Рейтингз СНГ Лтд Валовая көш, 26 Мәскеу 115054 Екінші талдаушы Антон Наберухин Кіші директор +7 495 956 9981 Комитет төрағасы Джеймс Уотсон Басқарушы директор +7 495 956 9901 [2012-08-10]