10 тамыз күні биржада өткізілген "АТФБанк" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигациялары бойынша арнайфы мамандандырылған сауда-саттықта іске аспады деп жарияланды

10.08.12 16:52
/KASE, 10.08.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "АТФбанк" АҚ (Астана) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы қайталап өткізілді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болады. Эмитент сауда-саттыққа 473 891 KZ2C0Y05E271 облигациясын ұсынды (тіркелген облигациялардың жалпы санынан 3,2 %). Сауда-саттық барысында бірде бір сатып алуға шектелімді өтінім берілген жоқ, осыған байланыстыбұл арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар іске аспады деп мойындалды. Осының алдында 27 шілдеде және 03 тамызда болып өткен арнайы мамандандырылған сауда-саттықтардың нәтижесі бойынша тартудың жалпы көлемі 13 711 243 684,12 теңгені құрады. [2012-08-10]