"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің қаржылық нәтижелері туралы хабарлады

08.08.12 17:10
/KASE, 08.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: 2012 жылдың 31 шілдесінде "АТФБанк" АҚ Директорлар кеңесі, UniCredit Тобының артықшылықты сатып алу құқығымен жай акцияларын 2012 жылдың үшінші тоқсанында орналастыру арқылы, сонымен Банктің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, жоғарғы өтімдіолігін қамтамасыз етіп, меншікті капиталдың 15 млрд. теңге сомасына өскенін бекітті. Топ "АТФБанк" АҚ әрі қарай инвестициялауын жалғастырып, Қазақстандағы өз бизнесіне қолдау көрсетті. ХҚЕЖ сәйкес, 2012 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша: - Операциялық кіріс сөткен жылмен салыстырғанда, комиссиялық кірістердің 6.2%-ға өсуі және комиссиялық шығындардың 4.8% азаюы арқылы, небәрі 1.6%-ға төмендеп, 15,7 млрд. теңгені құрады, сонымен бірге таза пайыздық кіріс азғана 4%-ға азайған. - Операциялық шығыс персоналға шығындарды үнемдеу көмегімен, 0.6% азайып, 8,2 млрд. теңгені құрады - Құнсыздану залалы (провизиялар) өткен жылмен салыстырғанда 9%- ға кем болып, 9,5 млрд. теңгені құрады, бұл Банктің проблемалық қарыздарының өсу қарқыны төмендеуіне қарсы нәтижелі шараларының нәтижесі. - Салықты қоспағанда шығын 27.1% құрады өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,9 млрд. теңге көлемінде. ҚР Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 31 мамырындағы мәліметтері бойынша "АТФБанк" АҚ активтерінің көлемі бойынша 5-ші орынға иеленді және ЕДБ арасында ссудалық портфель бойынша 5-ші орында. Осыдан басқа, АТФБанк депозиттер деңгейі бойынша 5-ші орында, олардың 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы өсімі 4% құда. Нетто қарыздардың депозиттерге қатынасты қоэффициенті 2012 жылдың маусым айының соңында, 2011 жылмен салыстырғанда 10%-ға артып, Банктің өтімділік көрсеткішіне оң ықпалын тигізді. 2012 жылдың сәуір айында Банк сомасы 200 млн АҚШ доллар немесе эквиваленті 30 млрд теңгеге тең, еурооблигацияларын табысты өтеді. 2012 жылдың мамыр айында, сондай-ақ, 1-ші облигациялық бағдарламасының 1 шығаорылымы шегінде шығарылған, субординацияланған облигацияларын өтеді, өтеу сомасы 13 млрд. теңгені құрады. Үстіміздегі жылдың маусым айында Банк 5-жылдық приоритеттік қамтамасыз етілмеген облигацияларын шығарды. Fitch рейтингілік агенттігі көлемі 15 млрд теңге шығарылымға ұлттық валютадағы "BBB(EXP)" рейтингін және ұлттық рейтингін "AA+(kaz)(EXP)" деңгейінде берді. "АТФБанк" АҚ шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР (эмитент дефолтының рейтингі) "BBB" деңгейінде, Fitch рейтингілік агенттігінің "негативті" болжамы сақталған және 2012 жылдың 09 ақпанынан осы күнге дейін АТФБанк ҚР ЕДБ арасында ең жоғарғы несиелік рейтингін сақтаған. [2012-08-08]