"Standard" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZ1C56470012 (KZ1C00000801, STND) жай акциялары 08 тамыздан бастап KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді

08.08.12 14:29
/KASE, 08.08.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 31 шілдесіндегі шешімімен "Standard" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) KZ1C56470012 (ISIN – KZ1C00000801) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2012 жылдың 08 тамызынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш жай акциялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады "Standard" сақтандыру компаниясы" АҚ қаржылық кеңесшісі "ORKEN Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. "Standard" сақтандыру компаниясы" АҚ тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға STND. қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/stnd мекен-жайы бойынша 06 тамызда жарияланады. [2012-08-08]