08 тамыздан бастап KASE қайталама нарық секторында "АТФБанк" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

07.08.12 16:23
/KASE, 07.08.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808; ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Астана) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 09 шілдесінен бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/atfb мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-08-07]