"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 31 шілдесіндегі шешімі туралы хабарлады

07.08.12 12:59
/KASE, 07.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында 2012 жылдың 31 шілдесінде өткен Директорлар кеңесінің отырысында мүдделі мәмілелерді жасасуға қатынасты келесідей шешімдер қабылдады деп мәлімдеді: а) ЮниКредит тобы мүшелерімен 01 мамыр 2012 ж. 31 мамыр 2012 ж аралығында жасалған қазынашылық мәмілелерді ратификациялау; б) ЮниКредит тобы мүшелерімен 01 мамыр 2012 ж. 31 мамыр 2012 ж аралығында жасалған, Транзакциялық және корпоративтік өнімдерді дамыту департаментінің мәмілелерін ратификациялау; в) "АТФБанк" АҚ және UniCredit Business Integrated Solutions AT арасында жасалатын IT келісімшарт жобасын бекіту; г) "АТФБанк" АҚ және UniCredit Business Integrated Solutions AT арасында жасалған CSV функционаля бойфынша келісімшартын және GEMO келісімшартын бекіту. [2012-08-07]