"АТФБанк" АҚ Директорлар кеңесі KZ1C35970017 (KZ000A0ETF32, ATFB) 1 879 908 жай акцияларын акционерлердің артықшылықты сатып алу құқғын жүзеге асыруын ескере отырып, әр акцияға 8 000 теңге бағасымен орналастыру туралы шешім қабылдады

06.08.12 13:17
/KASE, 06.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы) (бұдан әрі - Банк), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: Банктің Директорлар кеңесі 31.07.2012 ж. келесідей шешім қабылдады: "АТФБанк" АҚ жай акцияларын орналастыру туралы: 1. "АТФБанк" АҚ жай акцияларын орналастырудың келесідей шарттары бекітілсін: - Орналастырылатын акциялардың тұрпаты - жай акциялар, ҰСН KZ1C35970017; - Орналастырылатын жай акциялардың саны – 1 879 908 дана; - Орналастырылатын жай акциялардың бағасы – бір жай акцияға 8 000 теңге. 2. Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 16 бабына сәйкес орналастыру басталар алдында "АТФБанк" АҚ акционерлеріне келесідей шарттармен артықшылықты сатып алу құқығын іске асыру ұсынылсын: - орналастырылған (қоғам кері сатып алғандарды қоспағанда) жай акциялардың саныны орналастырылатын жай акциялардың санына қатынасты – 43 390 537 жай акциялардың 1 879 908 дана жай акцияларына 23,0812023779 құрайды; - артықшылықты сатып алу құқығына иеленген акционерлердің тізімін, "АТФБанк" АҚ Директорлар кеңесі "АТФБанк" АҚ жай акцияларын артықшылықты сатып алу арқылы орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша "Тіркеуші Зерде" АҚ құрастырады; - артықшылықты сатып алу құқығын іске асыру арқылы "АТФБанк" АҚ жай акцияларын сатып алуға акционерлердің өтінімдері "АТФБанк" АҚ бас кеңсесінде: Алматы қ., Фурманов көш., 100, Активтер мен міндеттемелерді басқару жөніндегі департаменті, Қорға айналдыру бөлімі мекен-жайы бойынша, (727) 258-30-00 (вн. 1258) тел. арқылы, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (Алматы уақытымен) қабылданады, үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін; [2012-08-06]