06 тамыздан бастап KASE "ОРДА кредит" несиелік серіктестік" ЖШС (Қазақстан) KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193, ORDKb2) облигацияларының сауда-саттығын уақытша тоқтатты

06.08.12 17:49
/KASE, 06.08.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 06 тамызынан бастап "ОРДА кредит" несиелік серіктестік" ЖШС (Шымкент) KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193; KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ORDKb2; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 26.01.08 – 26.01.13, жылдық 12,00 % тоқсандық купон; 30/360) облигацияларының сауда- саттығы уақытша тоқтатылды. Сауда-саттықтар биржаға аталмыш облигацияларды ұстаушыларының 2012 жылдың 04 тамызында өткен жалпы жиналысының шешімі жарияланғаны туралы ақпарат берілгенге дейін тоқтатылды. [2012-08-06]