10 ТАМЫЗ КҮНІ БИРЖАДА "АТФБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBB8) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ҚАЙТАЛАП ӨТКІЗІЛЕДІ

06.08.12 11:52
/KASE, 06.08.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 10 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде "АТФбанк" АҚ (Астана) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі деп хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі 473 891 KZ2C0Y05E271 облигациясы (тіркелген облигациялардың жалпы санынан 3,2 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – ATFBb8. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 14:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 14:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Нарықтық өтінімдердің қанағаттандырылу дәрежесі – 70 %. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға бойынша. Кесімді баға тең немесе кесімді бағадан төмен өтінімдер алып тасталады.. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижесіне қарай, KASE сауда-саттықтарын өткізе әдістері туралы қағидаға саәйкес, арнай мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілетін күні облигацияларды қосымша орналастыру бойынша сауда-саттық өткізілуі мүмкін. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Бірінші үш сауда-саттық, олардың екеуі 27 шілдеде және 03 тамызда өткізілген арнайы мамандандырылған сауда-саттықтардың қорытындысы бойынша эмитент аталмыш облигациялардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі жылдық 8,50 және 8,49 % деңгейінде қалыптасқан, 14 526 109 данасын орналастырды. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfbf9b8_090712.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістеру туралы қағидамен http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-08-06]