"Орда Кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Қазақстан) өзінің KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193, ORDKb2) облигациялары бойынша 14-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

03.08.12 19:16
/KASE, 03.08.12/ – "Орда Кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент) 2012 жылдың 02 тамызында өзінің KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ORDKb2) облигациялары бойынша 14-ші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 45 000 000,00 теңге құрады.