03 тамыз күні "АТФБанк" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигацияларын қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланды

03.08.12 18:58
/KASE, 03.08.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Сауда-саттық жүйесінде "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17; жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болды. Эмитент сауда-саттықта 473 891 KZ2C0Y05E271 облигациясын (тіркелген облигацияларының жалпы санынан 6,8 %) орналастыруға ұсынды. Қосымша орналастырылатын облигациялардың ("таза") бағасы - 94,0864 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 8,5 %). Қосымша орналастыруға өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытының 14:30-дан 16:00-ге дейін берілді. Сауда-саттыққа тек нарықтық өтінімдер қабылданды. Бірінші кезекте бәрінен бұрын берілген өтінімдер қанағаттандырылды. Есептесу сызбасы – Т+0. Сауда-саттық барысында сатып алуға бірде бір нарықтық өтінім берілмеді. Осы себептен осы арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілмеді деп мойындалды және жарияланды. Аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша екеуі 27 шілдеде, біреу - 03 тамызда өткізілген үш арнайы мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижесі бойынша тартылған соманың жалпы көлемі 13 711 243 684,12 теңгені (баламасы ағымдағы биржалық бағам бойынша 91 274 422,08 АҚШ долларын) құрады.