"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) 03 тамыз күні Қазақстан қор биржасында өзінің 553,0 мың KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигацияларын жылдық 8,5 %-бен орналастырды

03.08.12 17:28
/KASE, 03.08.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Сауда-саттық жүйесінде "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17; жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болды. Эмитент сауда-саттықта 1 026 891 KZ2C0Y05E271 облигациясын (тіркелген облигацияларының жалпы санынан 6,8 %) орналастыруға ұсынды. Сауда-саттық заты ретінде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы қолданылады. Орналастыруға қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 12:30- ге дейін берілді. Сауда-саттықта тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді бағаға бойынша. Есептесу сызбасы – Т+0. Сауда-саттыққа, өтінім беру кезеңі аяқталар сәтінде екеуі белсенді болып қалған, 553 000 облигация сатып алуға үш өтінім берген, екі KASE мүшесі қатысты. Осылайша, сауда-саттық барысындағы сұраным ұсынымнан 53,9 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердің "таза" бағалары 94,0864 % (сатып алушы үшін өтеуіне жылдық 8,49 %) деңгейінде болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 99,5 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,5 % брокерлік-дилерлік компания клиентінің үлесіне тиді. Саудаласу нәтижесі бойынша эмитент аталмыш құны бойынша екі өтінімді де қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.Бұл ретте, тарту сомасы 522 878 458,67 теңгені құрды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтінде барлық мәмілелер орындалды. Бүгін, 03 тамызда 14:30 бастап 16:00 ALT дейін аталмыш облигацияларды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Оның қорытындылары туралы кейінірек хабарланады.