14:30-да БИРЖАДА "АТФБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBB8) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

03.08.12 17:19
/KASE, 03.08.12/ – Бүгін алматы уақытымен сағат 14:30-да KASE сауда- саттық жүйесінде "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17; жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда- саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Сауда-саттықта сатушы VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болып табылады. Орналастырудың жарияланған көлемі 473 891 KZ2C0Y05E271 облигация (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының 3,2 %). Қосымша орналастырылатын облигациялардың ("таза") бағасы - 94,0864 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 8,5 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 14:30-дан 16:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – ATFBb8. Сатып алушы кесімді бағаны ағымдағы күннің ALT 17:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 17:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі - 70 %. Сауда саттықтарды өткізу ережелерінің 10 бабының 12 тармағына сәйкес, сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру барысында олардың KASE қабылдауы уақытына сәйкес бұрынырақ берілгендері бірінші қанағаттандырылады. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfbf9b8_090712.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттықтар өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.