ҚҰБ ҚҚК "AMF Group" АҚ (Қазақстан) акциялары 2012 жылдың 01 қаңтарынан бастап 01 шілдесіне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

03.08.12 09:58
/KASE, 03.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 19 шілдесіндегі хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚК "2012 жылдың 01 қаңтарынан бастап 01 шілдесіне дейінгі кезеңде "AMF Group" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша "AMF Group" АҚ 51 940 000 жай акциясы орналастырылмаған.