"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС (Қазақстан) өзінің KZ2P0Y05D650 (KZ2P00001373, EKGSb1) облигациялары бойынша 2012 жылдың 30 маусымына шектеулерді (ковенанттарды) орындағаны туралы хабарлады

02.08.12 16:26
/KASE, 02.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС (Екібастұз), биржаға жолдаған ресми хатында "осымен ұсынылған 30.06.2012ж. аралық қаржылық есеп берушілікті ескере отырып, облигациялардың шығарылым аңдатпасының (2010 жылдың 26 тамызында берілген бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы # D65 куәлік) 40-1 тармағына сәйкес шектеулерді (ковенанттарды) орындағанын растайды" – деп мәлімдеді. Аталмыш хат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EKGS/ekgs_kovenant_300612.pdf мекен-жайы бойынша жарияланды.