Tethys Petroleum Limited компаниясы (Біріккен Корольдік) өзінің басқармасы құрамында болған өзгерістер туралы хабарлады

31.07.12 17:01
/KASE, 31.07.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands), Биржаға 2012 жылдың 30 шілдесіндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Бүгін Тетис Петролеум Лимитед компаниясы Джулиан Хаммонд Бас атқарушы директор және Президент лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлады, тағайындау дереу арада күшіне енеді. Сондай-ақ, Питер Лилли Атқарушы емес Төраға ретінде тағайындалды. Қазіргі уақытта д-р Дэвид Робсон денсаулығының жағдайымен Төраға, Президент және Ба атқарушы директор ретінде жұмысын атқара алмауда. Джулиан Хаммонд 2011 ж. ақпан айынан бастап оған компанияның ағымдағы жұмысын басқару ісі тапсырылғаннан бері Бас атқарушы директордың орынбасары лауазымында қызмет етті. 2012 жылдың қаңтарынан бастап Д.Хаммонд Директорлар кеңесінің құрамына енгізілді. Д. Хаммонд компанияда 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді. Компанияның Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Өзбекстандағы жұмысы үздіксіз атқарылып жатыр. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_300712.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.