"Имсталькон" АҚ (Қазақстан) қолданыстағы лицензияларының құрамында болған өзгерістер туралы хабарлады

31.07.12 11:48
/KASE, 31.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы), Биржаға ресми хат жолдап, оның қолданыстағы лицензияларының құрамында болған өзгерістер туралы мәлімдеме жасады: - жобалық қызметпен айналысудан өз еркімен бас тартуына байланысты 1995 жылдың 13 ақпанындағы № 000167 архитектура, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жобалық-іздестіру жұмысымен айналысуға берілген лицензия қайтарылды; - қызмет түрінің лицензияланатын қызметтер түрінен алынып тасталуына байланысты 2010 жылдың 06 қаңтарындағы № 000659 электр желілерін және шағын станцияларын пайдалануға лицензия қайтарылды.