"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) 27 шілде күні Қазақстан қор биржасында өзінің 8,1 млн KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигацияларын жылдық 8,5 %-бен қосымша орналастырды

27.07.12 18:04
/KASE, 27.07.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Сауда-саттық жүйесінде "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17; жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигацияларын қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болды. Эмитент сауда-саттықта 9 087 907 KZ2C0Y05E271 облигациясын (тіркелген облигацияларының жалпы санынан 60,5 %) орналастыруға ұсынды. Қосымша орналастырылатын облигациялардың құны ("таза" құны) 94,0339 % (сатып алушы үшін өтеуіне жылдық 8,5 %) деңгейінде белгіленді. Қосымша орналастыруға өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 15:30 бастап 16:30 дейін берілді. Саудалануға тек нарықтық өтінімдер қабылданды. Барлығынан бұрын берілген өтінімдер бірінші қанағаттандырылып отырды. Есептесу сызбасы – Т+0. Сауда-саттыққа 8 061 016 облигация сатып алуға төрт өтінім берген, төрт KASE мүшесі қатысты (ұсыныстан 88,7 %). Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 21,1 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,05 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың, 78,9 % брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесіне тиді. Саудаласу нәтижесі бойынша эмитент берілген өтінімдерді толық қанағаттандырды. Бұл ретте, тарту сомасы 7 608 301 280,43 теңгені құрды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтінде барлық мәмілелер орындалды. Бүгінгі екі сауда-саттықта тартылған соманың жалпы көлемі 13 188 365 225,46 теңгені (баламасы ағымдағы биржа бағамы бойынша 87 963 484,46 АҚШ долларын) құрады. Екі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша орналастырылған облигациялардың 97,3 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,1 % - брокерлік- дилерлік компаниялардың, 2,6 % брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесіне тиді. Эмитент бүгінгі сауда-саттық барысында орналастырылмаған 1 026 891 дана көлеміндегі облигацияны келесі аптада орналастыруды жоспарлап отыр. Қайталама сауда-саттықтың күні мен шарттары туралы қосымша хабарланады.