"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) 27 шілде күні Қазақстан қор биржасында өзінің 5,9 млн KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигацияларын жылдық 8,5 %-бен орналастырды

27.07.12 18:02
/KASE, 27.07.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Сауда-саттық жүйесінде "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17; жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болды. Эмитент сауда-саттықта 10 000 000 KZ2C0Y05E271 облигациясын (тіркелген облигацияларының жалпы санынан 67 %) орналастыруға ұсынды. Сауда-саттық заты ретінде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы қолданылады. Орналастыруға қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 13:00- ге дейін берілді. Сауда-саттықта тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді бағаға тең, өтінім бағасымен немесе сатушыға ең ұтымды бағамен. Есептесу сызбасы – Т+0. Сауда-саттыққа, өтінім беру кезеңі аяқталар сәтінде барлығы белсенді болып қалған, 5 942 093 облигация сатып алуға он өтінім берген, бес KASE мүшесі қатысты. Осылайша, сауда-саттық барысындағы сұраным ұсынымнан 59,4 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердің "таза" бағалары 92,1435 % (жылдық 9,0 %), 97,5568 % (жылдық 7,6 %) құрады, олардың орташа сараланған бағамы 94,7306 % (сатып алушы үшін өтеуіне жылдық 8,3 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 96,8 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,6 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың, 2,6 % брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесіне тиді. Саудаласу нәтижесі бойынша эмитент 5 912 093 облигацияны (ұсыныстың 59,1 %) облигацияны сатып алуға тоғыз өтінімді қанағаттандырып, кесімді бағаны 94,0339 % деңгейінде белгіледі (сатып алушы үшін өтеуіне жылдық 8,5 %). Бұл ретте, тарту сомасы 5 580 063 945,03 теңгені құрды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтінде барлық мәмілелер орындалды. Бүгін 15:30 бастап 16:30 ALT дейін аталмыш облигацияларды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Оның қорытындылары туралы кейінірек хабарланады.