2012 жылдың 30 шілдесінен бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

27.07.12 17:53
/KASE, 27.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2012 жылдың 30 шілдесінен бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 1, 3, 7 және 14 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "RG Brands" АҚ (Алматы) KZPC2Y05B988 (KZ2C00001451, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, RGBRb5; 1 теңге, 1,5 млрд теңге, 19.10.07 – 19.10.12; жарты жылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_RGBRb5_001, R_RGBRb5_003, R_RGBRb5_007 и R_RGBRb5_014 кодтары берілді.