"RG Brands" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P46310119 (KZ1P00000509, RGBRp) артықшылықты акциялары бойынша 2011 жылға дивидендтер төлеуі туралы хабарлады

27.07.12 14:13
/KASE, 27.07.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "RG Brands" АҚ (Алматы), өзінің KZ1P46310119 (KZ1P00000509, KASE ресми тізімі, екінші санат, RGBRp) артықшылықты акциялары бойынша 2011 жылға дивидендтер төленетіні туралы хабарлап, Биржаға ресми хат жолдады. Айтылмыш хабарламаға сәйкес, төлем сомасы 189 480 000,00 теңгені құрады.