"Альянс банкі" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің 2012 жылдың 22 тамызына белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыру енгізілді

24.07.12 16:54
/KASE, 24.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға банк акционерлерінің 2012 жылдың 22 тамызы сағат 10:00-ге белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыру енгізілгені туралы мәлімдеді. Аталмыш жиналыстың толықтырылған күн тәртібі: - банктің Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін тағайындау; - банктің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу. Осы жиналыс: Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайы бойынша өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-ден жасалады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 23 шілдесіндегі жағдай бойынша құрастырылды. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің жалпы жиналысы 2012 жылдың 23 тамызында жоғарыда берілген мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіне қатысты материалдармен: жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанға дейін Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайы бойынша таныса алады; тел.: (727) 258 40 40 (ішкі 52038), корпоративтік хатшы Байсенкул Гульнара.