27 ШІЛДЕДЕ БИРЖАДА "АТФБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBB8) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

18.07.12 17:54
/KASE, 18.07.12/ – 2012 жылдың 27 шілдесінде KASE сауда-саттық жүйесінде "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb8; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.17; жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Сауда-саттықта сатушы VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болып табылады. Орналастырудың жарияланған көлемі 10 000 000 KZ2C0Y05E271 облигация (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының 67 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – ATFBb8. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 14:30-ға дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 14:30-да ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі - 70 %. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның таза бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сату алудың шектелімді өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Бағасы кесімді бағаға тең немесе бағасы одан төмен өтінімдер кесіледі. Мамандандырылған сауда-саттықтардың нәтижесіне қарай, KASE сауда- саттықтар өткізу әдістері туралы қағидаға сәйкес, мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілген күні облигацияларды соңына дейін орналастыру бойынша сауда-саттықтар өткізілуі мүмкін. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfbf9b8_090712.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттықтар өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.