"AMF Group" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1C02890016 (KZ1C00000512, AKFI) жай акциялары бойынша 2011 жылға дивидендтер төлеуді көздеп отыр

23.07.12 17:35
/KASE, 23.07.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Астана), Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "AMF Group" АҚ акционерлердің 2012 жылдың 31 мамырындағы жылдық жалпы жиналысындағы шешімнің негізінде 2011 жылдағы қызметтің қорытындылары бойынша қоғамының жай акциялары бойынша дивидендтер төлейтіні туралы мәлімдеді. Бір жай акцияға дивидендтің мөлшері – 3 (үш) теңге. Дивидендтерді төлеуді бастайтын күн – 2012 жылдың 20 шілдесі.