"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

23.07.12 12:15
/KASE, 23.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банк тіркеушісі "Тіркеуші компаниясы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C31550011 жай акцияларының жалпы саны 33 000 000 дана, KZ1P31550117 артықшылықты акцияларының жалпы саны 3 000 000 дана; - банктің 16 211 133 жай акциясы орналастырылған, банктің артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Еуразиялық қаржы компаниясы" (Алматы) болып табылады, оның иелігінде банктің 16 161 233 жай акциясы (банктің орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,69 %) бар.