"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың үшінші тоқсанында өзінің акционерлік капиталын 15 млрд теңгеге көбейткелі отырғаны туралы хабарлады

13.07.12 14:09
/KASE, 13.07.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), Биржаға 2012 жылдың 13 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "АТФБанк" АҚ 2012 жылдың үшінші тоқсанында өзінің акционерлік капиталын 15 млрд теңгеге көбейтуді көздеп отыр. Артықшылықты сатып алу құқығымен жай акцияларды орналастыру туралы шешім "АТФ Банк" АҚ Директорлар кеңесінің жақындағы отырысында қабылданады. Банктің басшылығы бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтті, себебі ол АТФБанктің Қазақстанның экономикасына демей көрсету мүмкіндігін одан әрі кеңейте түседі. Байланыстар үшін: "АТФБанк" АҚ PR-қызметі pr@atfbank.kz Эльвира Пелтола тел: +7 (727) 2583 000, ішкі 06-63 е -mail: Elvira.Peltola@atfbank.kz