"Қазақстанның даму банкі" АҚ Ақшабұлақ газтурбиналық электр станциясының құрылысы аяқталғаны туралы хабарлады

12.07.12 12:24
/KASE, 12.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана), бүгін Биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ кешеңінде жалпы қуаты 87 Мвт үш газ турбиналары іске қосылды (ГТЭС). Жалпы құны 19,6 млрд. тенге құрайтын "Кристалл менеджмент" ЖШС инвестициялық жобасы "Қазақстанның даму банкі" АҚ (ҚДБ) қаржылық көмегімен іске асырылды. Жоба бастаушылары мен ҚДБ Жапондық халықаралық қатынас JBIC банкі, CITI BANK of Tokio, француздық BNP Paribas ірі қаржылық институттарының инвестицияларын тартты. Жобаны іске асыру мақсаты - аймақтағы электроэнергияның тапшылығын азайту және ілеспе газдарды утилизациялау мәселесін шешу. "ГТЭС салу кезеңінде АҚШ, Финляндия және Жапон заманауи жабдықтары қолданылған. Мұнай кешендерінің басым бөлігінде ілеспе газ алау шырақтарында өртену арқылы жойылады. Ақшабұлақ стансасы бұл газды экологиялық тәсілмен утилизациялаудан өткізеді" – дейді Қазақстанның даму банкі басқарушы директоры-басқарма мүшесі Дәулетхан Қилыбаев. Жобаны іске асыру кезеңінде 2010-2012 жылдары аралығында газотурбиналық қондырғылар және қосымша инфракұрылымдық нысандар салынды. Жаңа құат көздері арқылы Құмкөл және Ақшабұлақ кешендерінде электр құатымен жабдықтау желісі жетілдірілді. ГТЭС аймағында тоған- бұландырғыш, су жинағыш скажиналар және вахталық кент салынды. Стансаны іске қосу кезеңінен бастап нысанда 93 жаңа жұмыс орыны ашылды. ГТЭС үдемелі иднустриалды-инновациялық бағдарлама аясында салынды. Сонымен қатар, аталған Жоба мемлекеттік электроэнергетика саласын дамыту бағдарламасы және ҚР инновациялық стратегиялық жобалар тізіміне еңгізілген. "Кристалл менеджмент" ЖШС 2008 жылы құрылған. Компания қызметінің басты бағыттары - магистралды газ құбырларының және газтурбиналық стансасының қызметін қамтамасыз ету, электр энергиясын өндіру және сату. цитата соңы