ҚҰБ ҚҚК "AMF Group" АҚ (Қазақстан) бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

10.07.12 15:01
/KASE, 10.07.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Ақтөбе, бұдан әрі - компания), өзінің бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына тіркелген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін және бұрынғысының орнын басатын 2012 жылдың 18 маусымындағы бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) компанияның бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталған куәлік компанияның орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - компания бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне D99 нөмірімен енгізілді; Компанияның бірінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/AKFI/akfif4_izm_180612.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.