ҚҰБ ҚҚК "AMF Group" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

10.07.12 14:53
/KASE, 10.07.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Ақтөбе, бұдан әрі - компания), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына тіркелген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін және бұрынғысының орнын басатын 2012 жылдың 18 маусымындағы бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) компанияның акциялар шығарылымы аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталған куәлік компанияның орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - компанияның жарияланған акцияларының жалпы саны 100 000 000 дана, оның ішінде 99 983 800 – KZ1C02890016 жай акциялары, 16 200 – KZ1P02890112 артықшылықты акциялары; - компания акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А0289 нөмірімен енгізілді; - 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша компанияның 48 043 800 жай акциясы және 16 200 артықшылықты акциясы орналастырылған, оның жарғылық капиталы 1 362 600 000 теңге көлемінде қалыптасты. Компанияның акциялар шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/AKFI/akfif9_izm_180612.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.