"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808, ATFBb8) облигациялары биржада "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

04.07.12 15:50
/KASE, 04.07.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 03 шілдесіндегі шешімімен "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E271 (KZ2C00001808; 1 000,0 теңге, 15,0 млрд теңге; 5 жыл, жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялар бойынша андеррайтері "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. "АТФБанк" АҚ тіркеушісі "Зерде" тіркеушісі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға ATFBb8 қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб- сайтында жарияланады.