"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС (Қазақстан) қолданыстағы қуаттылық 500 МВт дейін артқаны туралы хабарлады

03.07.12 16:46
/KASE, 03.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС (Екібастұз), Биржаға 2012 жылдың 03 шілдесіндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Үдемелі Индустриялық-Инновациялық Даму Бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын жобаларды іске қосуға арналған Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен өткізілетін "Болашақ Қазақстанды бірге жасаймыз" атты жалпыұлттық Телебайланыс өткізу аясында энергоблокты іске қосудың салтанатты рәсімі болып, 2012 жылдың 3 шілдесі күні қуаттылығы 500 МВттық №8 энергоблогы іске қосылды. Энергоблокты қалпына келтіру бағдарламасы қазандық және турбина жабдықтарын қалпына келтіруді, электр жабдықтары мен автоматты бақылағыш заманауи құрылғыларды орнатуды, сондай-ақ әлемдегі газдан тазартқыш жабдықтарды жетекші жеткізуші - "Альстом Пауэр Ставан" ЖАҚ жасап шығарған электр сүзгілерін пайдалануға беруді қамтиды. Жобаның құны 23 млрд. теңгеден астам соманы құрап отыр. Қалпына келтіру жұмыстары 2009 жылы басталған болатын. Жобаны жүзеге асыру ісіне 10 мердігер ұйымның өкілдері қатыстырылып, жыл сайын уақытша 500 жұмыс орнын ашуға мүмкіншілік берді. Энергоблоктың іске қосылуына қарай станцияда қосымша 25 жұмыс орны ашылды. "Қазақстандағы электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысқа сәйкестене отырып, Екібастұздың ГРЭС-1 станциясы Республиканың экономикасының тұрақты дамуын және жаңа өндірістік нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз ету саласындағы Елбасының берген тапсырмаларын сәтті жүзеге асырып отыр. №8 энергоблоктың іске қосылып пайдалануға берілуі электр станциясының жобалық қуаттылығын 3000 МВтқа дейін арттырды, ол 2013 жылдың өзінде 18 млрд.кВт сағатқа дейін қуат өндіруімізге мүмкіншілік бермек", - деп түсініктеді "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ң Отын-Энергетикалық Кешенінің Бас директоры Николай Коробовский. Қосымша толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі телефондарға қоңырау шалыңыз: Қазақмыс Тобы Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +44 20 7901 7882 44 78 7964 2675 Ирина Третьякова Қаржы талдаушысы Тел: +44 20 7901 7814 Мақсұт Жапабаев Алматыдағы корпоративтік байланыстар департаментінің басшысы Тел: +77 27 3304 556 «Самрұқ Энерго» АҚ Орал Қарпышев Басқарма Төрағасының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Тел: +77 172 553 062 "ЭГРЭС-1" ЖШС Елена Шеина БАҚ-мен байланыс жасау менеджері Тел: +77 187 298 142 Мерлин Дэвид Саймонсон Тел: + 44 20 7726 8400 Мария Бабкина Тел: + 44 20 7726 8400 цитата соңы