"РЕСПУБЛИКА" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Қазақстан) Ақтау қаласында "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ біріге отырып, "Халықтық ІРО" оқу семинарын өткізгені туралы хабарлады

03.07.12 16:35
/KASE, 03.07.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "РЕСПУБЛИКА" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы), Биржаға 2012 жылдың 02 шілдесіндегі баспасөз- хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы 30 маусымда Ақтау қ. ЖЗҚ салымшыларына "Асыл-Инвест" компаниясымен "РЕСПУБЛИКА" ЖЗҚ бірлесе ұйымдастыра отырып, "Халықтық IPO" бойынша оқыту семинары жүргізілді. Осындай семинарлар бұның алдында Алматы, Шымкент, Павлодар қ. жүргізілді, олар қатысушылардың позитивті баға берулеріне ие болды. Семинарларда жұмыс істеуге қаржылық компаниялар, мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық және БАҚ өкілдері толығымен қатысты. Халықтық IPO бойынша негізгі мақсаттары – ҚР қаржылық нарық дамуы, азаматтар арасындағы инвестициялық мәдениетін қалыптастыру және елде инвестициялық мүмкіндіктерді қосымша қамтамасыз ету. Қатысушылар семинар барысында Халықтық IPO мәні туралы, мембағдарлама қатысушыларының тізімі туралы, республикалық бағдарламада халықтың қатысуынын пайдасы туралы, инвестрлеу кезіндегі тәуекелдер мен сауатты инвестор болу мүмкіндігі туралы сұрақтарына жауаптар алды. Қатысушылар пікірлері бойынша, бұл тақырыпқа түсіндірулер түсінікті әрі қол жетімді түрде жүргізілді және халықтың қызығушылығын оятты. Сонымен қатар, семинар қатысушыларынан ІРО бойынша оқуды жалғастыру, аймақтың басқа мекендерінде жүргізу туралы тілектер айтылды. Қосымша ақпарат алу үшін «РЕСПУБЛИКА» ЖЗҚ PR-қызметіне хабарласыңыз: Лейла Искакова, + 7 (727) 333 44 01 (ішкі 153), e-mail: Leila.Iskakova@respublica.kz цитата соңы