"Альянс Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0495755729, XS0495756024 (ASBNe10) халықаралық облигациялары бойынша өнжіріп алынған сомалар есебінен 9-шы төлемін жасағаны туралы хабарлады

26.06.12 17:29
/KASE, 26.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банкі" АҚ (Алматы), Биржаға 2012 жылдың 26 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Альянс Банкі" АҚ 2012 жылғы 25 маусымда 1 926 135 АҚШ доллары немесе әр Облигацияға 1,97 АҚШ доллары мөлшерінде өндіріп алынған сомалар есебінен төленетін Облигациялардың тоғызыншы төлемі жүзеге асырылғаны туралы хабарлайды. Төлем өндіріп алынған сомалар есебінен төленетін Облигацияларды шығару Шарттарына сәйкес корпоративтік және ШОБ қарыздары пуласы өндіріп алынған қаражаттан жүзеге асырылды. Өндіріп алынған қаражат 2012 жылғы 22 маусым - тіркеу Күніне облигациялар ұстаушылар Тізбесінде көрсетілген облигация Ұстаушылар арасында пропорционал бөлінді. 978 059 АҚШ доллары сомасына өндіріп алынған сомалар есебінен төленетін облигациялар (коды ISIN: S Ережесіне / 144А - XS0495755729 / XS0495756024 Ережесіне сәйкес), 2020 жылы өтеу мерзімімен, 2010 жылғы 25 наурызда шығарылды. Өндіріп алынған сомалар есебінен төленетін Облигациялар бойынша төлемдер тоқсан сайын жүргізіледі, қаражат облигация Ұстаушылар арасында пропорционал бөлінеді - 25 маусым, 25 қыркүйек, 25 желтоқсан және әр жылдың 25 наурызында - 2010 жылғы 1 наурыздан бастап 2017 жылғы 24 наурыз аралығында. Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: Капитал рыноктарымен жұмыс басқармасы Тел. +7 (727) 258 40 40 (ішкі. 52034) E-mail: ir@alb.kz Веб-сайт: www.alb.kz цитата соңы