Еуразиялық даму банкі өзінің Петербургтік халықаралық экономикалық форумға қатысуы туралы хабарлады

21.06.12 16:51
/KASE, 21.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, Биржаға 2012 жылдың 21 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) XVI Петербургтік халықаралық экономикалық форумға қатысады. Бейсенбі күні ЕАДБ Басқарма Төрағасы Игорь Финогенов Форумның "Ресейлік әлеует әрекет үстінде. Еуразиялық экономикалық бірігу: Жаңа ғаламдық экономикаға терезе" атты панельдік пікірталасқа қатысады. 22 маусым күні Еуразиялық даму банкі және En+ Group ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды. Онда банктің электр энергетикасы, оның ішінде, Қазақстанның территориясы арқылы Шығыс сібірден Оралға дейін созылатын аса жоғары қуатты ЭБЛ құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысуы қарастырылған. Осы күні батыс жылдамдық диаметрі (БЖД) ақылы трассасы орталық бөлігі құрылысының қаржылық жабылуы болады. Еуразиялық даму банкі басқа жобаға қатысушы-банктермен бірге қаланың билік органдарымен келісімге қол қояды. ЕАДБ БЖД құрылысына 10 млрд рубль құяды. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1169118 мекен-жайы бойынша танысуға болады.