KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) Екібастұздық ГРЭС - 1 № 8 энероблокты қалпына келтіру бойынша жұмыстар аяқталғаны туралы хабарлады
21.06.12 15:52
/KASE, 21.06.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе
Биржа) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон),
Биржаға 2012 жылдың 19 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап,
былай деп хабарлады:
цитата басы
Екібастұз ГРЭС-1 қалпына келтіру және қуаттылықты арттыру бойынша
көп жылдық инвестициялық бағдарламалар кезеңдерін жылдамдатып іске
асыруда. Ағымдағы жылдың маусым айында қуаттылығы 500 МВТ болатын
№8 энергоблокты іске қосу жоспарлануда. Энергоблокты қалпына келтіру
жұмыстарына 10 мердігер ұйымдардан 500-ден астам адам қатысты.
Жобаның құны 23 млрд. теңгені құрады. Есеп бойынша алтыншы болып
табылатын энергоблоктың іске қосылуы станцияның өндірістік қуаттылығын
3000 МВт дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аталған инвестициялық бағдарламалар аясында басқа да
жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда №2 энергоблокты қалпына келтіру
және жаңғырту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бір жыл бұрын басталды.
Аталған жобаны іске асыру аясында "КОТЭС" ЖАҚ-мен (Новосибирск қ.,РФ)
бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім
негізінен аталған энергоблоктың қалпына келтіру бойынша құжаттарының
жобалық-сметалық өңделулеріне қатысты Барлық оның қалпына келтірілуіне
61,5 млрд. теңге жұмсау жоспарлануда. Аталған энергоблокты іске қосу
2014 жылдың аяқ кезіне жоспарланған. Қалпына келтіру және жаңғырту
бағдарламасы қазандық жабдықтарын, турбиналарды, генераторларды
ауыстыруды, жұмыс жасап тұрған қосалқы жабдықтарды қалпына келтіруді
және жаңа дәуірдің электофильтрлерін енгізуді қамтиды.
Казахмыс Отын-энергетикалық кешені Тобының директоры Николай
Владимирович Коробовский былай деп атап өтті: "Біз 2020 жылға дейінгі
шамаланған қазақстан энергетикасына арналған ірі инвестициялық
бағдарламаны сәл озықтылықпен жүзеге асырудамыз. Ағымдағы жылдың
төртінші тоқсанында №8 энергоблок электр энергиясын өндіруді бастайды.
Келесі энергоблоктың іске қосылуы жыл бойына элэктр энергия өндіруді
3,1 млрд. КВт. дейін арттыруға мүмкіндік береді".
Қосымша ақпарат алу үшін мына
телефондар арқылы хабарласыңыз:
Қазақмыс
Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы
Тел: +44 20 7901 7882
Тел: +44 78 7964 2675
Ирина Третьякова Қаржы талдаушысы
Тел: +44 20 7901 7814
Максут Жапабаев Алматыдағы Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы
Тел: +77 27 3304 556
Елена Шеина БАҚ байланыс жөніндегі менеджер
Тел: +77 187 298 142
Мерлин
Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7726 8400
цитата соңы