Fitch "Альянс Банкі" АҚ және "БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) рейтингілік бағалауларын растады

19.06.12 17:09
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 18.06.12, Fitch Ratings ағылшын тілінен аударма, KASE тақырыпшасы/ – Fitch Ratings Альянс Банкі АҚ, Қазақстан қзақмерзімді эмитент дефолтының рейтингін ("ЭДР") "В-" деңгейінде "Тұрақты" болжаммен растады. Сондай-ақ, агенттік БТА Банкінің ұзақмерзімді ЭДР "RD" (шектеулі дефолт) деңгейінде растады. Альянс Банкінің рейтингін растау Fitch агенттігінің банкке Қазақстан билігінің демеу беруінің шектеулі мүмкіндігі туралы пікірін білдіреді. Осы қаржылық ұйым жіберген дефолттан кейін және 2009 жылы қарызды қайта құрылымдаудан кейін Альянс Банкінің мажоритарлы меншік иесі болған Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры ғана мемлекеттік қолдау көрсетуі мүмкін. БТА Банкінің рейтингін "RD" деңгейінде растау кредиторлармен банктің қарызын қайта құрылымдау туралы әлі жалғасып келе жатқан келіссөздерді білдіреді. Қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін Fitch банк бойынша қайта сараптама жасауға үміт білдіреді. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1168974 мекен-жайы бойынша танысуға болады.