Еуразиялық даму банкі Абақан ЖЭЦ жаңа блогының құрылысын 9 млрд рубльге қаржыландыруды көздеп отыр

19.06.12 14:45
/KASE, 19.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, Биржаға 2012 жылдың 19 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Кеңесі Банктің 9 млрд рубль сомасында Абақан ЖЭЦ жаңа блогын қаржыландыруға қатысатынын бекітті. "Енисейская ТГК (ТГК-13)" ААҚ-ымен (кәсіпорын оның филиалы болып табылады) несие линиясын ашу туралы келісімге а.ж. шілдесінде қол қойылады деп күтілуде. Абақан ЖЭЦ – көмір жылуэлектрцентралі, бүгінгі күні Хакасия Республикасының энергетикалық кешенінің ірі кәсіпорны және Абақан қаласына негізгі жылу энергиясын жеткізуші болып табылады. Ол қаланың тұррғын-коммуналдық секторы тұтынушыларының шамамен 77 % жылумен қамтамасыз етіп отыр. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1168957 мекен-жайы бойынша танысуға болады.