"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) өзінің 2012 жылдың І тоқсанындағы қызметінің нәтижелерін жариялады

15.06.12 16:29
/KASE, 15.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), Биржаға 2012 жылдың 15 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Еуразиялық банк ХҚЕС сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес 2012 жылғы 1-тоқсандағы өзінің қызметінің нәтижелерін ұсынды. 2012 жылдың 1-тоқсанындағы Пайдалар мен шығындар туралы есептің негізгі көрсеткіштерінің 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырмалы серпіні: - Таза кіріс (пайда) 143,2 % ұлғайды; - провизия есептелгенге дейін операциялық кіріс 46,3% өсті; - Шығыстардың кірістерге қатысы 13% қысқарып, 58,4% құрады; - Таза пайыздық кіріс 55% ұлғайды; - Таза пайыздық маржа (NIM) 48,8% ұлғайып, 6,4% құрады. - Қарыздардың депозиттерге қатысы 5,49 % өсіп, 98,9% құрады. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_150612_1kv.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_150612_1kv_kz.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_150612_1kv_en.pdf – ағылшын тілінде.